Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы автобустарында жалған бақылаушылардың «Оңай» картасынан ақша шешіп алып жүргені белгілі болды

Алматы автобустарында өздерін «Оңай» бақылаушысы ретінде таныстырып, жолаушылардың картасынан ақша шешіп алып жүрген алаяқтар пайда болды.

Алматы автобустарында жалған бақылаушылардың «Оңай» картасынан ақша шешіп алып жүргені белгілі болды

Бұл туралы Алматы көлік холдингінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Компанияда мәлімдегендей, жалған бақылаушылар жолаушылардың «Оңай» картасын тексеру кезінде мобильді терминалдың көмегімен жол ақысын екінші мәрте шешіп алатын көрінеді.

Өз кезегінде компаниядағылар жолаушыларға қоғамдық көлік бақылаушыларына «Оңай» картасын тексеруге беруге болмайтынын ескертті. Себебі олар Алмаы көлік холдингінің де, тасымалдаушы компанияның да ресми қызметкерлері емес.

«Картаны тиісті форма киіп, бақылаушының тұлғасы мен өкілеттігі көрсетілген бейдж таққан ресми бақылаушыларға ғана көрсету керек. Егер қоғамдық көлікте жалған бақылаушыларға ұшырассаңыз, бұл туралы «Оңайдың» байланыс орталығына хабарлауларыңызды сұраймыз», – делінеді хабарламада.

Сонымен қатар,көлік холдингіндегілердің сөзінше, егер картаның шотынан  екінші қайтара ақша алынса, жолаушы карта балансына ақшасын қайтаруүшін, холдинг мекен жайына шағым жолдай алады.

Сондай-ақ, көлік холдингіндегілер мұндай бұзушылық анықталған жағдайда, өздерінің бақылаушыға айыппұл сала алмайтынын мәлімдеді.

Оқи отырыңыз:

Құлаған кран мен сынған терезе: Астанадағы дауыл Петропавлға жетті

СҚО-да полиция сержанты бүтін бір отбасын өртеніп жатқан үйден алып шықты

Қазақстандағы ең бай бизнесмендердің бірі Еркін Әмірханов қамауға алынды

Талқылау