Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысының тұрғындары қоқыс өңдейтін зауыттан уланып жатыр

8 мың тұрғыны бар Ақмола облысы Целиноград ауданына қарасты Ыбырай Алтынсарин ауыл халқы үш жыл бойы қоқыс қалдықтарын өңдейтін зауытпен арпалысып әлек. Олар медициналық қалдықтардың өңделмей, тек өртеліп жатқанына наразы. Бұған дейін облыс әкімшлігіне де шағымданыпты. Бірақ, ешқандай нәтиже жоқ дейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

завод
«Заң бойынша сол зауытта фильтр болуы керек. Ешқандай фильтр жоқ. Қойылған пештер талапқа сай емес. Жабайы пеш сияқты. Кейде жерге жағады. Тонналап машинамен қалдық әкеледі. Адамның шынтақтары, өкпе, бауыр бәрі бар», - дейді Ы.Алтынсарин ауылының тұрғыны Қайыржан Шөкеев.

«Біздің адамдар осы апта барады. Комиссия жібереміз. Бүгін міне экология департаментінің басшысы отыр. Көрейік. На каком основании олар бұлай жасап жатқанын. Ең алдымен бәрін тексереміз», - дейді ҚР Экология, Геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев.

Талқылау