Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев қатал карантиндi сақтау өмiрлiк қажеттiлiк екенін айтты

Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаев онлайн брифинг барысында пандемия кезiнде өңiрде қандай жұмыстар жүргiзiлiп жатқаны туралы баяндады, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Маржықпаевтың айтуынша, бүгiнгi таңда облыста коронавирус инфекциясын жұқтырудың 1513 оқиғасы тiркелген, 545 — ауру белгiсі бар науқастар, 968 — белгiсi жоқ науқастар. 23 адам вирустан көз жұмды. 1084 адам емханаға жатқызылды, оның iшiнде 38 ауыр халде, 7 — өте ауыр халде. 385 адам жазылып шықты.

"Пандемия кезеңiнде өңiрде 43 дәрiгер және 119 орта медициналық қызметкер коронавируспен жұқтырды, бiрақ облыстың денсаулық сақтау ұйымдары күшейтiлген режимде жұмыс iстеуде. 10 инфекциялық және 26 провизорлық стационарлар ашылды. Соңғы үш аптада облыс бойынша төсек-орын саны стационарларда 837-ден 2185-ке дейiн артты. Ол эпидемиологиялық ахуал қиындаған жағдайда төсек-орын санын бұдан әрi арттыру бойынша жұмыстар жүргiзiлетiнiне баса назар аударды. 1 тамызға дейiн олардың санын 5 мыңға жеткiзудi жоспарлап отырмыз", - дедi Маржықпаев.

"Стационарларды қажеттi медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету туралы айта келе, Ермек Маржықпаев облыста бүгiнгi таңда штаттық режимде үш ПЦР-тестiлеу өткiзетiн зертхана жұмыс iстейтiнiн айтты (Ұлттық сараптама орталығында, "Олимп" КДЛ-де және фтизиопульмонология орталығында). Маусым айының соңында бұл салада да қиындықтар болған, ол кезде жүктеме артуына байланысты сараптама орталығындағы ПЦР-зерттеуге арналған екi аппарат iстен шыққан. Бiрақ 27 маусымда Hұp-Сұлтан қаласынан Ұлттық сараптама орталығынан жұмыс iстейтiн аппарат жеткiзiлдi. Бүгiнгi таңда зертхана тәулiк бойы жұмыс iстеп тұр, күнiне 1000-ға жуық зерттеу жүргiзедi.

17 сәуiрден берi ПЦР әдiсi арқылы 7 мыңнан аса, экспресс-әдiсiмен —3,5 мыңнан аса тест өткiзiлдi. Қолда 23650 ПЦР-зерттеуге және 6,5 мың экспресс-тестiге арналған 430 тест-жүйесi бар. Денсаулық сақтау министрлiгiнен қосымша шығын материалдарын күтiп отырмыз", - деп қорытындылады облыс әкiмi.

Сонымен қатар, облыс басшысы барлық емханаларда цифрлық рентген –қондырғылармен жарақтанған шағын бригадалар құрылғанын, олар пациенттердiң жағдайын бағалау және көмек көрсету, қажет болған жағдайда госпитализациялау үшiн баратынын түсiндiрдi.

"Емханалар мен жедел медициналық жәрдем қызметтерiне үлкен жүктеменi ескере отырып шұғыл әрекет ету үшiн, қосымша 25 автокөлiк бөлiндi. Барлық медициналық ұйымдарда хабарландыру, маршруттау және халыққа психологиялық қолдау көрсету үшiн call-орталықтардың жұмысы ұйымдастырылған. Барлық телефондар медицина ұйымдарының сайттарында көрсетiлген", - дедi ол.

Бүгiнгi таңдағы ең өзектi проблемалардың бiрi дәрi-дәрмектер туралы айта келе, Маржықпаев мәселе шешiлiп жатқанына назар аударды.

"Көтерме саудада жеткiзушiлермен жұмыстар жолға қойылды, екi күн бұрын 11 мыңға жуық қызу түсiргiштер, вирусқа қарсы препараттар және антибиотиктер облыс дәрiханаларына жеткiзiлдi. Жеткiзулер аптасына екi рет жүргiзiледi. Айлық көлем бiрнеше сағатта сатылған жағдайлар болды, ал нағыз қажет ететiндер дәрi таба алмай жатыр. Осылайша ажиотаж жасалуда. Шағын топтар тұрақты түрде рейдтер жасап, дәрiханаларда дәрiлердiң болуын, олардың бағалары көтерiлуiне жол берiлмеуiн бақылайды. Облыс тұрғындарынан тағы да дәрiлердi жаппай сатып алмауды және оларды тағайындалуы бойынша ғана қолдануды сұраймын. Сонда сiздер бiреудiң өмiрiн құтқарып қаласыздар", - дедi Ермек Маржықпаев.

Брифингтiң соңында, облыс әкiмi: қатал карантиндi сақтау - бұл өмiрлiк қажеттiлiк, - дедi. Бiрақ көптеген адамдар өз денсаулықтарына немқұрайлы қарайды және өзгелердiң өмiрiне қауiп төндiредi.

"Облыстың барлық аудандарында бас санитарлық дәрiгердiң қаулысы бұзылуы анықталуда, қоғамдық моншалар, iрi дүкендер, жұмыстарын жалғастыруда, отбасылық iс-шаралар, тойлар мен астар өткiзiлуде. Өкiнiшке орай бiздiң жерлестерiмiз оның әлеуеттi жұқтыру ошағы екенiн түсiнбейдi", - дедi ол.

Карантинде отырмай жұмыс iстеу қажеттiгi туралы қарсылық болуы мүмкiндiгiне жауап берiп облыс әкiмi өңiрде қазiр 6 мың бос жұмыс орны барын атап өттi, оның негiзгi бөлiгi облыс орталығында. Ол эпидемиологиялық ахуал және шектеу шараларының бұдан әрi күшейтiлуi халық пен кәсiпорындардың эпидемияға қарсы санитарлық шараларды сақтауына тiкелей байланысты екенiне баса назар аударды.

"Бүгiнгi таңа ең бастысы немқұрайлылық пен бейжайлыққа, өз отбасыңа, көршiлерiңе, достарың мен әрiптестерiңе қатысты жауапсыздыққа жол бермеу, өзiңiз баратын немесе жұмыс iстейтiн жерлерде санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау. Тағы қайталап айтам жағдай өте қиын. Әркiм өз өмiрi, туыстары мен жақындарының өмiрi үшiн жауапкершiлiгiн сезiнуi керек", - деп сөзiн аяқтады Ермек Маржықпаев.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 08 Шілде, 2020 12:00
Талқылау