Ақмола облысының әкімі аймақ тұрғындарын спорт күнімен құттықтады
Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев аймақ тұрғындарын спорт күнімен құттықтап, ақжарма тілектерін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Сiздердi спортшыларды, жаттықтырушыларды, спорт саласының мамандарын, ардагерлер мен спорт әуесқойларын, салауатты өмiр салтының барлық жақтаушыларын бiрiктiретiн спорт күнi мерекесiмен құттықтаймын. Дене шынықтыру мен спорт әрқашан сымбат пен денсаулық кепiлi болып саналып келдi, бұлар адамның мүмкiндiгiмен әлеуетiн арттырып, сергектiк пен оптимизм сыйлайды, күш-жiгердi қалыптастырып, ойға алған жоспарларына қол жеткiзуiне көмектеседi. Биiк көрсеткiштер мектеп ауласынан, балалардың спорт алаңдары мен секцияларынан басталады. Сондықтан, бұқаралық спортты дамыту бiздiң мемлекетiмiздiң басым саясаты болып табылады", - дейді Маржықпаев.
Ақмола облысында бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңiл бөлiнуде. Жыл өткен сайын спорт нысандарының саны өсiп, қажеттi инфрақұрылым қалыптасуда. Бiздiң облыс өзiнiң спорттық тарихы және даңқты дәстүрлерiмен шын мәнiсiнде мақтана алады. Бiздiң спортшылардың шеберлiгi, кәсiби дайындығы, алдарына қоятын мақсаттары халықаралық деңгейде жоғары табыстарға жетулерiне жол ашып келедi.
"Ақмолалық спортшылар ел намысын лайықты қорғап, түрлi деңгейдегi жарыстарда ең жоғары орындардан көрiнуде. Тек соңғы жылы ғана аймақ спортшылары республикалық және халықаралық додаларда 192 медальға қол жеткiздi. Отандық спорттың дамуына зор үлес қосқан және тамаша спортшыларды тәрбиелеген сала ардагерлерiне ерекше алғысымды бiлдiремiн. Олар бүгiнгi таңда да жастарды үлкен мақсаттарға жетелеп, бай тәжiрибелерiмен бөлiсуде.
Бiздiң бiрлескен күш-жiгерiмiз лайықты нәтижелер әкелiп, жыл өткен сайын салауатты өмiр салтына бет бұрған ақмолалықтардың саны арта беретiндiгiне сенiмдiмiн. Спортпен шұғылдану сiздердiң денсаулықтарыңызды нығайтып, белгiленген мақсаттарға сенiммен қол жеткiзулерiңiзге тiлектеспiн", - дейді облыс әкімі.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
