Ақмола облысында ұрланған көліктерді Қазақстанға заңсыз әкеліп тіркеген топ ұсталды
Ақмола облысында ұрланған көлік көліктерді Ресейден Қазақстанға заңсыз әкеліп, тіркеумен шұғылданғандар ұсталды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қаржы мониторинг агенттігі облыстық департаментінің мәліметінше ұсталғандар заңсыз әрекеттерін 2020 және 2021 жылдар аралығында іске асырып келген.
“Аталған тұлғалар алдын ала келісім бойынша іздеудегі көліктерді Ресей Федерациясының аумағында сатып алып, кейіннен оларға жалған құжаттар жасап, соның негізінде шекарадан іс жүзінде өтпей Қазақстан аумағында тіркеген. Құжаттарды және мемлекеттік тіркеу нөмірін алған соң, шекарадан өтіп, сатып отырған”, – делінген агенттік хабарламасында.
Сот үкімімен үш азамат 8, 7 және 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”