Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында Жақсы ауданында Тілдер күніне орай 87 шара өтті

Ақмола облысы Жақсы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Мария Жекебатырова Тілдер күніне орай ауданда 87 шара өтіп, 3500 адам қатыстқанын мәлімдеді. Ол бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингі барысында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

тілдер күні

Мария Жекебатырова 2022 жылы ауданда 15 көшенің атауын өзгерту жөнінде жұмыстар жүргізілген. Құжаттар Әділет министрлігіне тапсырылған. 

“Биыл Қызылсай ауылдық округының орталығы Кировский ауылының атауын тарихи деректерге сүйене отырып Қаражон деп өзгерту мәселесі талқыланды. Ауданда 274 көше бар. 74 көшенің атауы идеологиялық тұрғыданг өзгерген. Биыл 20 көшенің, келесі жылы 54 көшенің атауы өзгереді”, – деді Мария Жекебатырова. 

Оның айтуынша, Тілдер күніне орай ауданда 87 шара өтіп, 3 500-ге жуық адам қатысқан. 

“Қазақ киносы күніне орнына “Ахмет – ұлт ұстазы” атты телехикаясы көрсетілді. Сонымен қатар “Ұлт ұстазы” атты деректі фильмі Facebook желісінде жарияланды. Ал жас қаламгерлер байқауының жеңімпаздарына қорытынды кеште сыйлықтар табысталды.  Ал тіл жанашырлары аудан әкімі атынан марапатталды”, – деп түсіндірді ол. 

Талқылау