Ақмола облысында сумен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде
Мемлекеттік саясаттың басым бағыты - халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету болып табылады.
Жергілікті билік сумен жабдықтау желілерінің жай-күйін өалпында ұстап тұру, сондай-ақ оларды қайта жаңарту жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.
Энергетика және ТКШ басқармасының ақпараты бойынша, облыста мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде 7 жобаларды іске асыруға қаражат бөлінген, сондай-ақ 2020 жылы республикалық бюджетті нақтылауға тағы 25 жоба ұсынылды.
Зеренді ауданының ауылдық елді мекендерінің сумен жабдықтау объектілерінің жағдайын жақсарту мақсатында өткен жылы 46 километрден астам желі жөнделді, 100-ден астам таратушы құдықтар, оның ішінде 49 өрт гидранттары, ұңғымалар мен сорғы станциялары орнатылды. Сумен жабдықтау объектілерінің дайындығы бүгінгі күні 89% - ды құрайды.
Дегенмен, осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Зеренді ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй инспекциясы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Марат Жүнісовтың айтуынша, 2020 жылдың қараша айында Зеренді ауданының 6 елді мекенінде жалпы ұзындығы 20 км болатын су желілеріне бірқатар өтінімдер дайындалып, жолданды.
«2021 жылға арналған аудандық бюджет қаражаты есебінен ауданның 5 ауылдық елді мекеніндегі су құбыры желілерін ағымдағы жөндеу бойынша іс-шаралар қарастырылатын болады. Зеренді ауданының Аққөл ауылындағы Қазақстан, Ақкөл, Молодежный ауылдарында су құбырларының жөндеу жұмыстары жүргізілмек», - хабарлады спикер.
Айта кетейік, биыл облыста 6 жобаны іске асыру есебінен қалалық елді мекендер бойынша 98,8%, ауылдық елді мекендер бойынша 84,1% орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізу көрсеткішіне қол жеткізу жоспарланып отыр.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
