Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында суға батып кеткен журналистің мәйіті бес күннен соң табылды

Ақмола облысында суға кеткен бойжеткеннің денесі бес күннен соң Арнасай ауылының маңындағы Астана су қоймасынан табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап. 

журналист

"Ақмолалық құтқарушылар 5 күн бұрын Астана су қоймасында суға батып кеткен 27 жастағы бойжеткеннің денесін тапты. Іздестіру жұмыстарына құрамында 10 адам, іздеу иті және екі моторлы қайығы бар (оның біреуі стационарлық эхолотпен жабдықталған) құтқарушылар тобы жұмылдырылды. Сүңгуірлерге қатты жел мен су тубіндегі балдырлар кедергі келтірді", – деді Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Айта кетсек, қайғылы жағдай шілденің 19-ында болған еді. Суға батқан бойжеткен сол күні су қоймасына құрбыларымен демалуға барған. Гидроциклмен жүзу кезінде ол суға құлап кеткен.

Назархан Уән
Дүйсенбі, 25 Шілде, 2022 08:26
Талқылау