Ақмола облысында шахта опырылып, бір адам қаза тапты

Ақмола облысындағы Бестөбе шахтасы опырылып, бір адам қаза тапты. Апат кезінде іште үш адам болған. Олардың екеуі ауруханаға жеткізілген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға 23 наурызда “Қазақалтын” ЖШС-нің “Новая” шахтасында болған.
“Тау-кен құтқарушылары жер бетіне заңсыз кен іздеумен айналысқан үш адамды алып шықты. Олардың бірі – Степногорск қаласының 2007 жылы туған тұрғыны, екіншісі – Астанадан келген 22 жастағы азамат. Екеуі де бас жарақатын алып, сан сүйектері сынған. Үшінші ер адам үйінді астында қалып, қаза тапты”, – делінген хабарламада.
Қостанай облысындағы шахтада жарылыс болып, жұмысшы зардап шекті
Аталған факті бойынша Ақмола облысының Полиция департаменті қылмыстық іс қозғады. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп, қайғылы оқиғаның себептері анықталып жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Абай облысындағы Kaz Minerals шахтасында жұмысшы қаза тапқаны туралы жазған едік.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"