Ақмола облысында сегіз күннен бері іздеуде жүрген қыз құрбысының үйінде жатқан
Ақмола облысында жоғалып кеткен 26 жастағы бойжеткен Қарағанды қаласынан табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Ақмола облысының ПД қызметкерлері мәлімдеді.
2020 жылғы 11-ақпан күні Көкшетау қалалық ПБ бөліміне Симферополь ауылының 57 жастағы тұрғыны хабарласқан. Оның сөзінше, оның 1993 жылғы қызы Шолпан Ахмет із-түссіз жоғалып кеткен.
Жоғалып кеткен бойжеткен бұған дейін үйінен бірнеше рет кетіп, қайта оралғандығы анықталыпты.
Тәртіп сақшыларынан тұратын арнайы топ жасақталып, аталған фактіге байланысты қылмыстық іс қозғалған. Такси жүргізушілерін сұрау салынып, жолаушылар тасымалы құралдары мен вокзалдың маңы, көңіл көтеру орындары тексеріліпті.
Іздеу шаралары 8 күнге созылған. Ақырында 26 жастағы тұрғын 18 ақпан күні Қарағанды қаласындағы құрбысының үйінен табылыпт. Бойжеткеннің аман-сау екендігі анықталыпты.
Талқылау

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”