Ақмола облысында полицейлерден қашқан мас жүргізуші жол апатына ұшырады

Ақмола облысында мас жүргізуші полицейлерден қашамын деп жол белгісіне барып соғылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

мас
Бұл туралы Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

22 наурызда Степногор қаласының полиция қызметкерлері рейд кезінде екі адамның масаң күйде көлік басқарғанын анықтапты.

«Мәселен, сағат 10:00 мас жүргізуші полицияның тоқтау туралы талабына бағынбай қашып кетпек болды. Салдарынан рульге ие бола алмай жаяулар белгісіне соғылды. Сол күні сағат 22:00 тәртіп сақшылары тағы бір көлікті тоқтатты. Оның жүргізушісі де масаң күйде болған. Кейін анықталғандай бұл екі жүргізуші де бұрын алкогольдік ішімдік ішіп алып рульге отырғаны үшін көлік басқару құқығынан айырылған. Қазіргі кезде қос жүргізушінің үстінен ҚР ҚК-нің 346-бабы бойынша (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген ресми хабарламада.

Степногор қалалық сотының тергеу судьясы наурыздың 24-де төтенше жағдай кезінде қылмыстық құқықбұзушылық жасаған жүргізушілерге қатысты қамауда ұстау туралы тоқтамға келді.


 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр