Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында оқушылар арасында «Жігер-2022» спартакиадасы өтті

Бүгін "Балалар жылы" аясында Қорғалжын ауданындағы "Дәурен" стадионында оқушылар арасында "Жігер-2022" спартакиадасының салтанатты ашылуы өтті. 

Спорт жарыстарының жас қатысушыларын құттықтай отырып, аудан әкімі Берік Жанбаев бұл іс-шара балаларды дене шынықтырумен айналысуға жаппай тартуға, ұлттық спорт түрлерін танымал етуге ықпал ететінін атап өтті. 

Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев пен бокстан әлем чемпионатының жүлдегері Азамат Қарлығашев спорттық іс-шараның қонақтары болды. 

Өзінің алғы сөзінде белгілі спортшы Қорғалжын жерінің елден тыс жерлерге танымал көптеген батырларды өсіргенін атап өтті. 

"Бүгін сіздердің көпшілігіңіз алғаш рет жарысқа тек аудандық деңгейде ғана қатысып отырсыздар. Спартакиада сіздерге Қазақстанның даңқын шығаратын халықаралық сайыстар үшін бастама болатынына сенімдімін", - деп қатысушыларды Олимпиада чемпионы құттықтады. 

Құрмет белгісі ретінде іс-шара демеушілерінің атынан қазақы әдет-ғұрып бойынша атақты спортшыларға шапан кигізіліп, Серік Сәпиевке жүйрік ат тарту етілді. 

 Спартакиадаға волейбол, тоғызқұмалақ, футбол, дзюдо, асық ату және т. б. спорт түрлері бойынша 13 мектептен 446 бала қатысты. 

Жеңімпаздарға медальдар, естелік сыйлықтар табыс етілді. 

Айта кетейік, ұйымдастырушылардың айтуынша, "Жігер" спартакиадасы жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін болады.
 

Stan.kz
Сенбі, 14 Мамыр, 2022 10:11
Талқылау