AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында лицензиясы жоқ жүргізушілер мектеп автобустарын жүргізген

Ақмола облысында балаларды орта мектептерге тасымалдау кезінде олардың қауіпсіздігі қаншалықты қамтамасыз етілгені тексерілді. Нәтижесінде көлік құралдарын басқару құқығы жоқ, сондай-ақ тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі бар жүргізушілердің мектеп автобустарын жүргізу фактілері анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сондай-ақ, көлік құралдары жүргізушілерін жолға шығар алдындағы және сапардан кейінгі міндетті тексерулер жүргізілмегені, мектеп автобустары өрт сөндіргіштермен және алғашқы медициналық көмек көрсету қобдишаларымен толық жабдықталмағаны, сәйкестендіру белгілерінің жоқтығы анықталды.

Тексеру қорытындысы бойынша облыс прокуратурасы заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныстар енгізді. Прокурорлардың актілері бойынша облыстық мектептер мен аудандық білім бөлімдерінің 53 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке, сондай-ақ мектеп автобустарының 10 жүргізушісі әкімшілік жауапқа  тартылды.

"Бұл салада анықталған заң бұзушылықтар жойылды, мектеп автобусының жүргізушілері мен көлік құралдарына қойылатын талаптар біркелкі болды", - деп қорытындылады Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр