Ақмола облысында қала, аудан әкімдерінің брифингтері басталды
Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында қала және аудан әкімдерінің брифингтері басталды, брифингтердің тақырыбы өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму барысы туралы ақпараттандыру болып табылады, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.
БАҚ-пен кездесулерді Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов бастады.
"Еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу ағымдағы жылы азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жобалар мен ауданда өткізілетін барлық іс - шаралар мен бастамаларды іске асырудың негізгі арқауы болғанын атап өткім келеді", - деп айтты Жанболат Хамитов.
Спикердің айтуынша, биыл ауданның негізгі капиталына 5,7 млрд. теңге инвестиция тартылды және 8 инвестициялық жобаны іске асыру есебінен 8,8 млрд.теңге инвестиция тарту жоспарлануда. Мысалы, Тасты-Талды ауылындағы желілік элеватор құрылысы, Державинск қаласындағы АҚК құрылысы және т.б.
Аудан әкімі өз сөзінде келесі жылы бірқатар маңызды әлеуметтік нысандардың - аудан орталығындағы жүзу бассейнінің құрылысын, "Молодежный" шағын ауданында 6000 шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланғанын айтты. Сондай-ақ, осы шағын ауданда алғашқы 80 пәтерлік үйді қайта құру бойынша жұмыстар басталып, мердігер ұйыммен шарт жасалды.
"Ауыл шаруашылығын дамытудың негізгі бағыты мал шаруашылығын дамыту болып қала береді. Тірі салмақта ет, сүт және жұмыртқа өндірісі 100 пайыздан астам өсті. Ағымдағы жылы жалпы саны 216 бас болатын 5 ет фермасы құрылды. Тасөткел ауылында 100 бас ірі қара малға арналған отбасылық үлгідегі сүт-тауар фермасы құрылды, Тасөткел ауылында неміс технологиясы бойынша сүт цехы ашылды, шығарылатын өнімнің ассортименті мен көлемі 3 тоннаға дейін кеңейтілді", - деп бөлісті спикер.
Ауданды абаттандыру мақсатында ұзындығы 12,4 км кентішілік жолдарға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді, аудан орталығында 6,6 км жол жөнделді, қоғамдық көлікке арналған 8 аялдама алаңы жайластырылды, 990 шаршы метр тротуар төселді.
Одан әрі Жанболат Хамитов инфрақұрылымды жақсарту және әлеуметтік саланы дамыту мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталды.
Облыстың қала, аудан әкімдерінің брифингтері қараша айының ортасына дейін жалғасады.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
