Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында газ баллоны жарылып, үш адам мерт болды

Ақмола облысында газ баллоны жарылып, бірнеше адам көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ТЖМ деректері бойынша 16 қарашада Ақмола облысының Шортанды ауылы Линейная көшесінде газ баллоны жарылған.

ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли Шортанды кентінің №18 кезекші қызметіне хабарлама 21:38-де келіп түскен.

“Оқиға орнына келген қызметкерлер тұрғын жайдың шатыры өртенгенін анықтаған. Өрт аумағы шамамен 350 шаршы метрді құрады. Өрт 22:35-те қоршауға алынып, 23:55-те өшірілді. Оқиға орнында үш адамның денесі табылды. Түрлі жарақаттармен 10 адам аудандық орталық ауруханаға жатқызылды”, – дейді ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Өртті сөндіруге ТЖД күштерінің 35 қызметкері мен жеті техникасы, сондай-ақ "Жер Ана" ЖШС МЕӨҚҚ төрт қызметкері мен бір техникасы жұмылдырылды.

“Өрттің себептерін анықтау үшін Ақмола облысының тергеу-жедел тобы мен зерттеу-өрт зертханасы жұмыс істеп жатыр” – дейді ҚР ТЖМ баспасөз қызметінде.

Талқылау