Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында ер адам жүйткіп келе жатқан пойыздан секіріп түсіп, біреудің үйін тонап кеткен

Ақмола облысында полицейлер пойыздан секіріп кеткен ер адамды ұстады. Ол ұрлық жасады деп күдіктеліп отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі облыстық ПД-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ақмола облысында ер адам жүйткіген пойыздан секіріп түсіп, үйді тонап кеткен

Оқиға 11 қарашада орын алған. Аршалы аудандық полиция бөліміне темір разъездерінің бірінің 38 жастағы тұрғыны шағымданған. Ол бейтаныс ер адамның өзін күйеуінің досымын деп таныстырып, үйге кіріп, заттарды ұрлап кеткенін айтыпты. 

«Тәртіп сақшылары бірден жедел іздестіру шараларын кірісті. Соның барысында күдіктінің анықтап ұстады. Ол Теміртау қаласының 51 жастағы тұрғыны болып шықты», - дейді полициядағылар. 

Полицейлер анықтағандай, ер адам разъездің маңынан жүйткіп өтіп бара жатқан пойыздан секіріп түсіп, аяғын жарақаттаған. Сонымен қатар оның өрт сөндіру құралымен вагон тамбурындағы терезені сындырғаны анықталыпты. 

«Ер адам жолында кездескен жекеменшік үйге жетіп, жәбірленушінің үйінде ұрлық жасап, ұялы телефон мен планшетті алып кеткен. Артынша күдікті Нұр-Сұлтан қаласына жету үшін жолға шыққан», - дейді ведомстводағылар. 

Қазіргі уақытта полицейлер Қылмыстық кодекстің «Ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. 

Талқылау