AAPL
149.32 $
0.46 %
TSLA
1018.43 $
-0.63 %
NDAQ
201.48 $
-0.01 %
GOOGL
2786.17 $
1.35 %
FB
315.81 $
-3.92 %
FRHC
66.35 $
-0.41 %
AAPL
149.32 $
0.46 %
TSLA
1018.43 $
-0.63 %
NDAQ
201.48 $
-0.01 %
GOOGL
2786.17 $
1.35 %
FB
315.81 $
-3.92 %
FRHC
66.35 $
-0.41 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Келсем, күлдің қалдығы ғана қалған": Ақмола облысында өзін өртеп жіберген азамат жайлы туыстары айтып берді

Ақмола облысының Аршалы ауылында 49 жастағы азамат өзін-өзі өртеп жіберді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап.

өрт

Бұл  жантүршігерлік оқиға елдімекен тұрғындарын дүр сілкіндірді. Бірақ оның мұндай әрекетке неге барғанын ешкім білмейді.

Қаза тапқан азаматтың тек әкесі бар көрінеді. Марқұмды туыстары мен көрші-қолаң соңғы сапарға шығарып салған. Бірақ оның бұл әрекетке не үшін барғанын ешкім айта алмайды. Оғаш мінезін, ыңғайсыз тірлігін ешкім байқамаған.

Марқұмның қарындасы не болғанын, қалай болғанын түсіне алар емес. Сол күні түсте көлігін жуды, үйін жинап, жап-жақсы боп жүрген. Өзін өлімге қиятындай ештеңе  болмаған. 

“Мен жұмысқа кетіп едім. Қайғылы жағдайды жұмыс берушім жеткізді. Әкеміз ауруханада жатқан. Әлі түсім сияқты. Мен келгенде күлдің қалдығы ғана қалған, бірақ ағамның денесін танып білдім”, – дейді марқұмның қарындасы.  

Марқұмның өз отбасы болмаған. Жолдасынан 5 жыл бұрын ажырасып кеткен. Жақыны-әкесі мен ауылда тұратын осы қарындасы ғана. Ол ағасын жүзі жарқын,  қамқор, ерекше мейірімді ед  деп еске алды. Ешкімге зияны жоқ, өзімен-өзі жүретінін де айтты. 

“Ол мен үшін ең қамқор, ең керемет аға болып қалады. Мен оны қатты сағынатын боламын. Не үшін бұлай істегенін әлі де түсіне алар емеспін”, – дейді марқұмның қарындасы.

Марқұмның өртеніп жатқанын көршісі көріпті. Бірақ аман алып қала алмаған. Содан қатты шошынып қалған ол әлі өз-өзіне келмей жатқан көрінеді. Полицияға хабарласып, хабар беріп қана үлгеріпті. 

“Өзін-өзі өлтіруге жеткізу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оның барысында өзін-өзі қол жұмсаудың себебі анықталатын болады. Оқиға орнында өлім алды хаты болған жоқ”, – дейді Ақмола облысының полиция департаментінің басшысы Гүлнар Пинчук.

Марқұмды туыстары мен көршілері ақтық сапарға шығарып салған.  Ал ойламаған сәтте ұлынан айрылған әкесі есеңгіреп, әлі есін жия алмай жүр.  

Еске салсақ, бұған дейін Ақмола облысының тұрғыны өзін-өзі өртеп жібергені айтылған еді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр