Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысының тұрғыны өзін-өзі өртеп жіберген

Ақмола облысы Аршалы кентінің тұрғыны өзін-өзі өртеп жіберген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

өрт

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Олардың ақпараты бойынша, ағымдағы жылдың 12-ші қазанында сағат 13:52 шамасында Аршалы аудандық полиция бөлімі кезекшілік бөлімшесіне Аршалы кентінің 49 жастағы тұрғынынан көршісінің үй ауласында ес-түзсіз жатқандығы туралы телефон хабары түскен.

"Оқиға орнына дереу жедел-тергеу тобы жетті. Тексеру барысында Аршалы кентінің 49 жастағы тұрғыны өзін-өзі өртеп жібергені анықталды. Өлім туралы жазба табылған жоқ. Ер адам Нұр-Сұлтан қаласының медициналық мекемелерінің бірінде емделіп жатқан әкесімен бірге тұрған. Осы оқиғаға бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды", – деді ведомстводан.

Талқылау