Ақмола облысында эпикалық топонимдер талқыланды
Ақмола облысында Қазақстан халқы тілдері күніне арналған дәстүрлі онкүндік жалғасуда, оған мыңға жуық іс-шара кіреді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Өткен аптада Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Археология және этнология факультетінің профессоры дәріс оқыды. Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің этнографы Жамбыл Артықбаев - халық аңыздары негізінде тарихи картиналарды құрастыруда алғашқылардың бірі.
Ғалым өз сөзінде топонимдердің өлкетану, география және этнографиямен байланысын атап өтті.
"Көптеген атаулар көбінесе әкімшілік – әлеуметтік сипаттамаларды, табиғи болмысты көрсетеді. Мысалы, Қараөткел ауылы атауының тарихы өте терең. Қазақ тіліндегі "қара" сөзі міндетті түрде "жаман" дегенді білдірмейді. Бұл сөз үлкен, күшті, мықты мағынасында да қолданылады. Керуендер мен табын-табын малды өзеннен қарапайым өткелмен өткізу қиындық тудырған, өйткені өткелдер ауыр салмаққа шыдас бермеген. Сондықтан адамдар тастан ауыр салмаққа төтеп бере алатын, кең өткел жасады, оны адамдар Қара өткел деп атады. Бұл жердің атауының тарихы осымен байланысты", - деді Жамбыл Артықбаев.
Сондай-ақ, аймақтағы жекелеген ауылдар атауларының мысалдары негізінде профессор ономастиканың теориялық түсініктерін зерттеуге ықпал ететін гегографиялық атаулардың тізілімін нақтылау қажеттілігін ұсынды.
Лектордың облыс топонимдерінің шығу тарихы мен этимологиясын түсіндіруі тыңдаушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.
Іс-шара барысында идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулардың, тарихи, сондай-ақ ұлттық сананы бейнелейтін атаулардың өзгеруіне байланысты мәселелер қаралды.
Тыңдаушылар үшін ғалымның сөз сөйлеуі халықтың этномәдени дәстүрлерін, халықтың коммуникация тарихын, жоғалып кеткен атауларды еске алуды бейнелейтін өз есімдерін зерттеу саласындағы оқиға болды.

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
