Ақмола облысында дәрі-дәрмек тапшылығы жоқ
Ақмола облысында екі айлық дәрі-дәрмек қоры құрылды, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.
Денсаулық сақтау басқармасының ақпараты бойынша Бірыңғай дистрибьютор жеткілікті мөлшерде қабынуға қарсы қызуды түсіретін дәрілік препараттарды сатып алған. Сондай-ақ амбулаториялық емдеуде берілетін таблетка түріндегі антикоагулянттар да бар. Стационарлық емдеудегі пациенттер барлық дәрілік заттармен тегін қамтамасыз етіледі.
Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Шагировтың айтуынша, жыл сайынғы тегін дәрі-дәрмектер тізімі біртіндеп кеңеюде.
"Екі жыл бұрын амбулаториялық-дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шеңберінде аурулардың тізбесі 48-ден 140-қа дейін кеңейтілді, тегін дәрі-дәрмектердің атауы 280-ден 620-ға дейін ұлғайтылды. Пандемияға байланысты тізбеге қосымша дәрілік заттардың 5 атауы енгізілді: антикоагулянттардың 3 атауы (ривароксабан, дабигатран, апиксабан), парацетамол, ибупрофен. Бұл ауру бойынша дәрі-дәрмектер жеткілікті", - деді ведомство басшысының орынбасары.
Естеріңізге сала кетейік, амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету науқастың жеке басын куәландыратын құжатты немесе оның көшірмесін көрсеткен кезде тегін рецепт бойынша 26 дәріхана пункті арқылы жүзеге асырылады. Ауру түрі тізімге енгізілген жағдайда ғана тегін рецепт алуға болады.
Жалпы, өткен жылы 170 мың науқас дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 7% - ға көп. Нәтижесінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша өтініштер мен шағымдар саны 1,5 есеге дерлік азайды. Стационарлық қамтамасыз ету шеңберінде әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражаты есебінен дәрілік заттардың 985 атауы жеткізілді.
Айта кетейік, 2022 жылы дәрі-дәрмектерді жөнелту 23 қаңтардан басталды. Қазіргі уақытта 573 тегін дәрі-дәрмек тиелді.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
