Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында білім беру мекемелерінің есепшілері 83 миллион теңге жымқырған

Ақмола облысында білім беру мекемелерінің есепшілері мемлекеттің 83 миллион теңгесін жымқырған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

жемқорлық

Бұланды ауданындағы балабақшаның бухгалтері тауар сатып алу керек болған. Бірақ олар кәсіпкерлермен жалған келісімге отырған.

Олар тауарларды жеткізетін кәсіпорындардың нақты атауларын көрсеткен. Бірақ банктік шот есепшінің туыстарына рәсімделіпті. Осылайша бухгалтер жақындарына барлығы 47 миллион теңге аударғаны анықталды.

Дәл осындай оқиға Степногорск қаласындағы мектептердің бірінде анықталды. Білім ошағының есепшісі өз шотына жалақы ретінде 36 миллион теңге аударған. Қазір екі дерек бойынша прокурорлар тергеу жүргізіп жатыр.

“Жаза белгілі бір лауазымдарды атқаруға немесе белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым сала отырып, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді”, – деп мәлімдеді Ақмола облыстық прокуратурасының прокуроры Мақсат Сұрағанов. 

Талқылау