Ақмола облысында бензиннен уланған 14 жасар бала көз жұмды
Ақмола облысында 14 жасар жасөспірім бензинге уланып, көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл туралы маусымның 8-де сағат 15:00-де Бұланды аудандық полиция бөліміне аудандық аурухананың медбикесі телефонмен хабарлап айтқан.
"Медбикенің сөзінше, 2008 жылы туған жергілікті тұрғын "бензиннен улану" диагнозымен медицина мекемесіне жеткізілген. Жасөспірім ауруханада қайтыс болды. Қазіргі уақытта тергеушілер оқиға орнын тексеріп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деді ведомстводан.
Департаменттің баспасөз қызметінен атап өткендей, полиция қызметкерлері ықтимал куәгерлерден сұрап, қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Соның қорытындысы бойынша процессаулдық шешім қабылданады.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”