Ақмола облысында белгілі ғалымның ауылдық мұражайы ашылады
Мемлекет Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және А.И.Бараев атындағы АШҒӨО құрылуының 65 жылдығы қарсаңында Дамса ауылында ірі ғалым-селекционер Валентин Кузьминнің өмірі мен қызметіне арналған мұражай құру жоспарлануда, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.
Мұражайдың өзі 1975 жылдан бастап оның есімімен аталатын ауылдың мектебінде орналасады. Жарты ғасырға жуық уақыт бойы Дамса ауылдық мектебінің оқушылары мен мұғалімдері әрқашан өздерінің оқу орны ауылшаруашылық ғылымының көрнекті шеберінің атымен атанғанын мақтан тұтады.
Ауыл жұртшылығы мұражай құру туралы идеяны заманауи көзқараспен көтеріп, жергілікті әкімдікке және Дамса ауылдық округінің қала құрушы кәсіпорындары мен басқа да бизнес – құрылымдарының басшыларына оны жүзеге асыруға көмектесу арқылы қолдау көрсетуді сұрады.
"Мектеп мұражайы үшін Кузьмин Валентин Петровичтің өмір жолы, оның селекция саласындағы орасан зор ғылыми жасампаздық жылдары, жетістіктері мен жоғары марапаттары туралы үлкен мазмұнды материалдар ұсынылды. Қазақстанға белгілі ғалым 1936 жылы сол белгілі кезеңнің қалыптасқан тарихи белестерінің еркі бойынша келді, алайда қазақ даласы оған ілтипат білдірді және орталық құрылған алғашқы күннен бастап Шортанды ауданының тәжірибелі далаларында басқа селекционер – әріптестерімен бірге үлкен селекциялық жұмысты жүргізе бастады", – дейді Дамса ауылдық ардагерлер кеңесінің төрайымы Галина Кузнецова.
Ауылдың тұрғындарының естеліктеріне сәйкес, Валентин Петрович туралы жарқын естеліктер тек ғалым ретінде ғана емес, сонымен қатар ішкі және әлемдік ғылыми әлемде оның ізбасарларының жадында жақсы із қалдырған ақылды адам ретінде де қалды.
Енді ардагерлер мектеп ұжымы осы идеяны жүзеге асыруды тілейді.