Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында әйел телефонмен сөйлесіп, 1,1 млн теңгесінен айырылып қалды

Ақмола облысында өзін банк қызметкерімін деп таныстырған алаяқ жергілікті тұрғынды алдап, 1,1 млн теңгесін қолды қылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Талапкер ауылының 29 жастағы тұрғыны 30 маусым күні полицияға шағым түсірді. Сөзінше, содан бір күн бұрын оған бейтаныс ер адам хабарласып, өзін банк қызметкері ретінде таныстырған. Ол әйелдің жеке шотындағы ақшаның қолды болуы мүмкін екенін ескерткен. Алаяқ ақшаны сақтап қалуға көмектесетінін айтып, ол үшін карта нөмірі мен cvv-код керек екенін айтқан. Ал аңғал әйел жинаған ақшасы үшін қорқып, оған бар мәліметтерді берген. Сол күні оның шотынан 1,1 млн теңге шешілген. 



Шағым түсе салысымен, полицейлер Қылмыстық кодекстің "Алаяқтық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Жедел іздеу шаралары барысында полицейлер 23 жастағы Аршалы ауданы Жібек Жолы ауылының тұрғынын ұстады. Жас жігіт алаяқтықпен айналысатын бүтін бір топтың мүшесі болып шықты. Қазіргі уақытта аталған іс бойынша іздестіру шаралары жалғасуда. Қылмысқа қатысы бар өзге тұлғалар анықталуда. 

STAN.KZ
Сейсенбі, 12 Шілде, 2022 14:39
Талқылау