Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойына орай жалпықазақстандық диктант ұйымдастырылды

Ақмола облысы Біржан сал ауданы мәдениет және тілдерді дамыту орталығының басшысы Әмина Жақыпова тілдер мерекесіне орай онкүндік аясында бірнеше шараның жүзеге асырылғанын айтты. Шараларға тіл жанашырлары мен мәдениет саласының өкілдері қатысқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингі барысында Әмина Жақыпова аудандық мәдениет үйінде концерттік шара өткенін қосып өтті. 

"Іс-шаралар жоспарына сәйкес 5 қыркүйекте "Тілі басқа, тілегі бір. Жүзі басқа, жүрегі бір" атты тілдер мерекесіне орай онкүндік ашылды. Онкүндік аясында кітапханаларда түрл кештер өтсе, мәдениет үйінің қызметкерлері жырдан шашу шашты. Шараларға тіл жанашырлары, мәдениет саласының өкілдері мен кітапханашылар қатысты", – деді ол. 

Ал Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай тілдерді оқыту орталығының тыңдаушыларымен бірге жалпықазақстандық ашық диктант өткізілген. 

"Тілдерді оқыту орталығы мен мемлекеттік мекемелерде іс-қағаздармен айналысатын мамандар арасында "Тіл білімінің атасы" тақырыбында диктант өтті. Дербес мемлекеттік мекемелер арасында тележиын және бейнепоэзия ұйымдастырылды", – деп қосты ол. 

Талқылау