Ақмола облысында 9-сынып оқушысы мектеп шатырынан құлап кетті
Ақмола облысында мектепті жөндеуге жалданған 9 сынып оқушысы шатырды ауыстыру кезінде құлап кетті. Жасөспірім жансақтау бөліміне жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға Ақмола облысының Ақкөл қаласында болды. 9 сынып оқушысы Ж.Бектұров атындағы № 3 жалпы білім беретін мектептің жөндеу жұмыстарына қатысқан.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жасөспірім бас сүйегі сынған. Қазіргі уақытта аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.
Болған оқиғаны Ақмола облысының білім басқармасы растады.
"Шынында да, мектепте жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде жұмысшы зардап шекті. Ол мектеп оқушысы болып шықты. Қазіргі уақытта жасөспірім есін жиды. Көзін ашып, жарыққа қарай алады. Аудандық аурухана дәрігерінің мәліметінше, санавиация тексеру жүргізді. Бала облыстық ауруханаға жеткізілуге мұқтаж емес", - деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметі.
Ауруханадан шығып, жоғалып кеткен: Ақмола облысында әйел адамның денесі табылды
Сондай-ақ, мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізлгендіктен оқу процесі басталмағаны хабарланды. Басқарма толық ақпаратты дүйсенбіде беруге уәде етті.
Аталған факті бойынша аудандық полиция басқармасы тергеу жүргізуде.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
