Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында 6 адам көз жұмған жол апаты: Дәрігерлер аман қалғандардың жағдайы туралы айтты

Ақмола облысының Астрахан ауданында ауыр жол апатынан зардап шеккендердің бірі Нұр-Сұлтандағы қалалық ауруханаға жіберілді. Аудандық ауруханада жатқан қалған зардап шегушілердің жағдайы тұрақты ауыр және қанағаттанарлық. Бұл турлы өңір басшысының орынбасары Марат Иғали Instagram желісіндегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ақмола облысында 6 адам көз жұмған жол апаты: Дәрігерлер аман қалғандардың жағдайы туралы айтты

Иғалидің сөзінше, Ақмола облысының әкімінің тапсырмасы бойынша Астрахан ауданы әкімінің міндетін атқарушы Жанар Шахпутова жантүршігерлік жол апатынан зардап шеккендерге барып, жағдайын біліп қайтқан.

«Қазіргі уақытта зардап шеккендердің бірі Нұр-Сұлтан қалалық ауруханасына жөнелтілді. Оның жағдайы тұрақты ауыр. Бір пациент аудандық ауруханада жатыр. Оның да жағдайы ауыр. Тасымалдауға жарамайды. Тағы бір әйелге ота жасалды», - дейді облыс әкімінің орынбасары.

Иғалидің парақшасындағы видеороликте дәрігер әйелдің жағдайы қанағатанарлық, көрсеткіштерінің бәрі қалыпты екенін айтты. Оны да елордалық ауруханаға жеткізу жоспарлануда. 

«Оның екі баласы туыстарымен бірге Нұр-Сұлтанға кетті. Апаттан зардап шеккендердің бәріне қажетті көмек көрсетудеміз. Көз жұмғандардың жақындары мен туыстарына көңіл айтамыз», - деп жазды Марат Иғали. 

Сонымен қатар дәрігер зардап шеккен тағы бір қыздың жағдайы қанағаттанарлық екенін айтты. Оған тігіс салынғаннан кейін, пациент үйіне жіберілген.

Еске сала кетсек, 8 шілдеде Ақмола облысы Астрахан ауданы Ягодное аулының маңындаңы Алматы-Екатеринбург тасжолында ауыр жол апаты орын алды. Жолда үш жеңіл көлік соқтығысып, салдарынан оқиға орнында 6 адам көз жұмды. Тағы алтауы ауруханаға жеткізілді.

Талқылау