AAPL
142.94 $
-2.14 %
TSLA
730.17 $
-3.86 %
NDAQ
190.98 $
-1 %
GOOGL
2774.39 $
-1.48 %
FB
355.7 $
-2.47 %
FRHC
60.16 $
-2.23 %
AAPL
142.94 $
-2.14 %
TSLA
730.17 $
-3.86 %
NDAQ
190.98 $
-1 %
GOOGL
2774.39 $
-1.48 %
FB
355.7 $
-2.47 %
FRHC
60.16 $
-2.23 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында 12 жастағы қызды зорлаған ер адамды ақтау үкімінің күші жойылды

Ақмола облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Ақмола облысына қарасты Целиноград ауданында тұратын 12 жасар қыз баланы зорлады деген күдікке ілінген ер адамға қатысты ақтау үкімінің күшін жойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысы бойынша Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ер адамға қатысты шығарған ақтау үкімінің күші жойылып, қылмыстық іс сол сотқа басқа құрамда қайта қаралуға жіберілді.

"Сот алқасы жәбірленушінің заңды өкілінің апелляциялық шағымын және прокурордың Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шығарған үкіміне қатысты наразылығын қанағаттандырды.

2021 жылдың 8 маусымында Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилер соты азамат К.-ға кішкентай жастағы баланы зорлау ісі бойынша ақтау шешімін шығарды. Ер адам алқабилер шығарған шешімнің негізінде Қылмыстық кодекстің 120-бабының 4-бөлігі "Кішкентай баланы зорлау" бойынша қылмыстық құқықбұзушылықпен байланысты оқиғаның болмауы себебімен ақталып шығарылды.

Үкімнің шығарылмауына алқабилер алқасын құруда және іс бойынша айғақ дәлелдерді зерттеу кезінде процессуалдық заңның айтарлықтай бұзылуы себеп болған", – деп атап өтті Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметінен.

Бұған дейін Ақмола облысында 12 жасар қыз бала 2019 жылдың желтоқсанынан 2020 жылдың маусым айына дейін сексуалдық зорлыққа ұшырағаны туралы хабарланған болатын. Оны 25-26 жастағы жергілікті үш ер адам зорлап келген. Бала зорлады деген күдікке ілінгендердің бірін алқабилер соты ақтап шығарса, істің тағы екі қатысушысы бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр