Ақкенттегі төтенше жағдай: Тоқаев Алматыдағы өрт қауіпсіздігінің жағдайын сынға алды
Президент Алматы қаласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев оңтүстік астананы дамытудың негізгі мәселелерін шешу жүйелі шаралар қабылдауды қажет ететінін атап өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы жиын барысында таяуда "Ақкент" ықшам ауданындағы көпқабатты тұрғын үйде болған өртті мысалға келтіріп, өрт қауіпсіздігі саласындағы кемшіліктерді сынға алды.
Осыған байланысты Тоқаев Төтенше жағдайлар министрлігіне халықты өрт болған жағдайда не істеу керектігі жөнінде кең ауқымды оқу-жаттығулар өткізуді тапсырды. Ал қала әкімдігіне өртке қарсы қызметтің материалдық-техникалық базасын жақсарту бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.
Президент Алматыға жұмыс сапары барысында қаланың гидротехникалық инфрақұрылымымен танысты, бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”