Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әкімнің 26 жастағы ұлы Қарағанды әкімінің аппарат басшысы қызметіне тағайындалды

Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімінің 26 жасар ұлы Қарағанды қаласы әкімінің аппарат басшысы қызметіне тағайындалды.

20170209162351

Қарағанды әкімдігінің баспасөз қызметі атап өткендей, қала әкімінің жаңа аппарат басшысы жас болса да, кәсіби тәжірибесі мол іскер қызметкер.

«Бақтияр Омархановтың екі жоғары білімі бар – экономика және заң саласын жетік меңгерген. Сондай-ақ, ол экономика ғылымдарының магистрі. Мемлекеттік қызметте 2011 жылдан бері қызмет етуде. Қарағанды облыстық өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық даму басқармасының бас маманы ретінде жұмыс жасаған. 2014 жылдан қазіргі тағайындауға дейін «Қазагромаркетинг» АҚ Қарағанды бөлімінің директоры лауазымын атқарған», – деп атап өтті әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер.

Бақтияр Омарханов Нұра ауданының әкімі Ниқанбай Омархановтың ұлы. Қарағанды әкімі Нұрлан Әубәкіров жаңа басшыны ұжымға таныстырып, жаңа қызметіне табыс тіледі.

Жіберіп алмаңыз:

Жезқазғанда полицейге зәрін шашқан азаматқа рақымшылық жасалды

Мұхтар Құл-Мұхаммедтің сұрағына дұрыс жауап берген студент 100 мың теңге сыйақы алды

ІІМ қазақстандықтарды «синий кит» ойынының құрбандары жайлы әңгімелерге сенбеуге шақырды

Талқылау