Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жезқазғанда полицейге зәрін шашқан азаматқа рақымшылық жасалды

Полицейге шабуыл жасағаны үшін сотталған көлік жүргізушісі рақымшылыққа ілігіп, жазадан босатылды, деп хабарлады ҚазАқпарат ХАА.

20170209162848

«Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті департаментінің пробация қызметінің материалы қаралып, ол бойынша сотталушы Қайрат Елубаевті үкімді орындаудан және екі жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жазадан, 200 АЕК көлемінде айыппұл төлеуден босату туралы қаулы шықты», – деп хабарлады Жезқазған қалалық сотының баспасөз қызметінен.

«ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңының 2-бабына сәйкес, аса ауыр емес қылмыс жасаған тұлғалар жазадан босатылады», – деп хабарлады соттан.

Ал жәбірленуші, бүгінде экс-полицей Төлеген Игібеков оған дәретін шашқан жүргізушіні жазадан босатқанына келіспейді.

«Жүргізушіні шапалақпен бастан ұрып жібергенім үшін маған 5 жыл берді. БАҚ-та  резонанс тудырып,  ішкі істер министрінің араласуымен ғана менің мерзімімді шарттыға ауыстырды. Ал Елубаевті Қылмыстық кодекстің 4 бабының (378 «билік өкілін балағаттау», 379 «билік өкіліне бағынбау», 380 «билік өкіліне күш қолдану», 293 «бұзақылық») алты эпизоды бойынша екі жылға ғана соттады», – деп наразылығын білдірді Игібеков.

Еске салайық, қалалық жол-патрульдік полициясының қызметкері мас жүргізушіні шапалақпен ұрғаны үшін сотталған болатын. Жүргізуші қанында табылған алкогольді көрсеткен куәландыру қорытындыларымен келіспей, зәрін сержантқа шашып жіберген. Осы кезде сержант оны шапалақпен ұрған. Кейін жүргізуші қамалып, кепілақымен босатылған. Осыдан кейін 5 жылға сотталған полицейдің әйелі мәлімдеме жасаған болатын.

Жіберіп алмаңыз:

Мұхтар Құл-Мұхаммедтің сұрағына дұрыс жауап берген студент 100 мың теңге сыйақы алды

ІІМ қазақстандықтарды «синий кит» ойынының құрбандары жайлы әңгімелерге сенбеуге шақырды

Шетелдіктер Еуропада Шәмшінің әнін орындап жүр (видео)

 

Талқылау