Әкімдік заңсыз құрылыс жүргізді деп айыптаған Bek Air компаниясына жауап берді
Алматы облысының әкімдігі Bek Air компаниясының мәлімдемесіне түсінік берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Фото : zakon.kz
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Bek Air компаниясының өкілдері егер ұшақ Алматы маңындағы үй құрылысына құламағанда адамдар қаза болмайтын еді деген пікір білдірген болатын.
Компания әуежай маңындағы құрылыс заң бұзушылықтармен жүргізілгенін айтты. Өз кезегінде облыс әкімдігінің баспасөз қызметі ұшақтың құлау хронологиясын еске түсірді.
«Жолақпен жүру кезінде борттың соңғы бөлігі жерге екі рет тиген. Үйге тимей тұрып ол бетон қоршауды қағып, дренаж каналына соққы берді. Содан кейін ғана ғимаратқа құлады», - делінген министрлік хабарламасында.
«Құрылым жеңіл құрылымдардан болған және оқиға салдарынан жартылай құлаған. Сондықтан алдын-ала тұжырым жасаудың қажеті жоқ, нақты себебін анықтап, содан кейін мұндай қайғылы жағдай қайталанбауы үшін бәрін жасау керек», - деді әкімдік.
Бүгін «Бек Эйр» әуекомпаниясының директоры Эрик Сапаров апатқа қатысты ішкі тексерудің нәтижелерін жариялады.
Алматы маңындағы ұшақ апаты жайлы соңғы жаңалықтарды мына жерден көріңіз

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
