Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда ақылы жолдарда жылдамдықты асырған көліктердің деректері тіркеледі

жолФото: ҚазАвтоЖол

2025 жылғы 29 қазаннан бастап "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы ақылы автожолдарындағы белгіленген жылдамдық режимін бұзу фактілері жөніндегі деректерді Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімінің процессингтік орталығына (ӘІБТ ПО) жіберуді бастады.Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

Енді жылдамдықты арттыру жағдайлары автоматты бақылау аркалары арқылы тіркеліп, ақпарат тікелей ӘІБТ ПО жүйесіне жолданады. Бұл өз кезегінде жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерін өңдеу кезінде ашықтықты, шынайылықты және жауапкершілікті қамтамасыз етпек.

Жылдамдық тіркелетін учаскелер:

- "Көкшетау – Петропавл" автомобиль жолы:
354 шқ - "Драгомировка" бақылау аркасы
443,8 шқ - "Астраханка"бақылау аркасы
473,126 шқ - "Бескөл" бақылау аркасы

- "Алматы - Қорғас" автомобиль жолы:
38,243 шқ - "Балтабай" бақылау аркасы
204,648 шқ - "Ұйғыр" бақылау аркасы
205,480 шқ - "Панфилов" бақылау аркасы

Жүргізушілерге маңызды ақпарат:

Жүйе көлік құралының нақты қозғалыс жылдамдығын тіркеп, оны белгіленген шектеумен автоматты түрде салыстырады.

Жылдамдықты асыру туралы мәліметтер ӘІБТ ПО жүйесіне жіберіліп, сол жерде әкімшілік материалдар қалыптастырылады.

Жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін, соның ішінде жылдамдық режимін қатаң сақтау ұсынылады, әсіресе ақылы учаскелер мен бақылау аркалары маңында.

Аталған жүйенің енгізілуі жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға, жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға және республикалық маңызы бар трассаларда әділ әрі тиімді бақылау тетігін қалыптастыруға бағытталған.

Айнұр Мұхади
Бейсенбі, 30 Қазан, 2025 13:04
Талқылау