"Ақылға сыймайды": Аймағамбетов Көкшетауда оқушы маңдайына "дәптер" деп жазып қойған мұғалімнің әрекетіне пікір білдірді
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқушылардың маңдайына "дәптер" деп жазып қойған мұғалімнің әрекетіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентіті.
"Ондай әрекеттер педагог пен мұғалім деген түсінікке сай келмейді. Ақылға сыймайтын нәрсе ғой. Бүгінде тиісті шаралар қабылданды. Әрине, ондай жағдайлармен жұмыс жасау қажет. Бірақ әріптестеріміздің басым бөлігі ондай емес. Біздің арамызда ауылда болсын, қалада болсын, біртуар педагогтер көп", – деді Аймағамбетов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.
Cондай-ақ министр барлық мұғалім гуманистік ұстаныммен жұмыс істеу керектігін айтты.
Еске сала кетсек, шулы оқиға 18 қазан күні Көкшетау қаласындағы №13 "Экос" мектеп-гимназиясында болған.
Мектеп әкімшілігінің ақпараты бойынша мұғалім осы жылдың 1 қыркүйегінде үш ай сынақ мерзімімен жұмысқа қабылданған.
Сабақ өту барысында 12 оқушының дәптерлерін үйде ұмытып кеткендігі белгілі болады. Педагог ұмытып кетпеудің ең қолайлы әдісін тауып, шәкірттердің маңдайына "дәптер" деп жазып қойған.
Сонымен қатар атаулы білім ордасының директоры Светлана Ахметжанованың айтуынша, ерсі әрекетке барған мұғалімнің 27 жылдық кәсіби тәжірибесі бар көрінеді. Орын алған оқиға жайлы білген оқу ордасының әкімшілігі ұстазға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, кейін жұмыстан шығарып жіберген.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
