"Ақыл айтатындар көбейіп кетті": Тоқаев әлеуметтік желіде министрлер мен әкімдерді сынайтындарға шүйлікті
Фото: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желіде министрлер мен әкімдерді сынайтындарға шүйлікті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Президент ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында сөйлеген сөзінде әлеуметтік желі арқылы халыққа ақыл айтатындар көбейіп кеткеніне тоқталды.
“Қазір әлеуметтік желі арқылы халыққа ақыл айтатындар көбейіп кетті. Олардың арасында жалған ақпарат таратып, жұртты адастыратын адамдар аз емес. Осындай санасыз, пиғылы арам адамдардың теріс ықпалына түсіп, кейбір жастар ғаламторда неше түрлі өсек немесе халықты арандатуды көздейтін материалдар жаза бастады. Бірақ осы жерде бір мәселе бар. Тиісті мекемелер заманауи технологияларды пайдалана отырып, осындай деструктивті жазбаларды жазатын адамдардың аты-жөнін, тұратын жерін, бәрін анықтап алып жатыр”, – деді президент.
Тоқаев халықтың қаржылық, ақпараттық, цифрлық және басқа да саладағы сауатын арттыру мәселесін көтерді.
“Ғалымдар үнсіз қалмауы керек, жастар арасында, жалпы қоғамда жан-жақты ағарту жұмысын жүргізуі керек. Үкімет пен әкімдердің қызметінде олқылық мүлдем жоқ деп ешкім айтпайды, бірақ олар туралы пікір айтқан кезде халықты арандатпай, қоғамды шулатпай, салмақты және саналы пікір айту қажет. Еліміздің тұрақтылығы, бұл – ең маңызды басымдық. Кез келген мәселе жайлы қоғамдық пікір білікті мамандардың көзқарасы негізінде қалыптасуы керек”, – деді Тоқаев.
Еске салсақ, бұған дейін Тоқаев саясаткерлердің манипуляциясы мен жауапсыз мәлімдемелеріне қатысты пікір білдірген еді.
Талқылау

“Қатардағы қызметкерді қорғап, куәлік еткенім үшін жұмыстан босатты”: Ақтөбелік келіншек әскери горнизондағы әділетсіздікке шағымданды
Әскери госпитальда әйелдер арасында баяғыдан келе жатқан ережелер бар

"Мұсылмандар бұдан хабарсыз": Қазақстандық әйел дәрідегі желатинде шошқа етінің құрамы бар екенін айтып шағымданды
Әйел мұсылмандарға дәстүрлі ислам медицинасын қолдана беруге болатынын жеткізді