Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әкесінің қаза болғанын жария еткен танымал тележүргізуші көптің жүрегін елжіретті

Белгілі тележүргізуші Мая Веронская күні кеше әкесін жер қойнына тапсырғанын қайғыра хабарлады. Ол әкесімен жақын дос болғанын айта отырып, бүгінгі жетістігіне әкесінің арқасында жеткенін мәлімдеді.

веронская с отцом

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

«Бұл туралы айтуым керек пе, жоқ па, оған сенімді емеспін, бірақ біз бүгін әкемді соңғы сапарға шығарып салдық… Ол туралы жазу қиын болып отыр. Әкем менің ең жақын досым, үлгі тұтар адамым мен ең негізгі кеңесшім болатын. Ол маған өзімнен де артық сенім артатын. Әкем менің барлық бастамама қолдау көрсететін. Бүгінгі күніме тек сол кісінің арқасында жеттім. Ол барлық жағынан жақсы өмір сүрді. Екеуміздің арамыз тым жақын болатын. Енді олсыз қалай өмір сүретінімді білмеймін. Ол туралы аздаған мәлімет келтіруді жөн көріп отырмын.

Әкем сүйікті ісімен айналысты. Аудармашы және тілмаш болды. Ал ең сүйікті хоббиі – фотосурет. Өзінің сүйіктісімен бірге 43 жыл бақытты ғұмыр кешті. 4 перзент өсіріп тәрбиеледі. Артында 11 немересі қалды. Тірі болса, екі айдан кейін 83 жасқа толар еді. Қартайған жасқа келсе де, оның дені сау болатын, сондықтан оның мезгілсіз өлімі біз үшін күннің жарығында түскен найзағаймен тең болып отыр. Бүкіл отбасым әкемді жоқтап қайғырып жатыр, өтінемін, ол үшін дұға жасап қойыңыздаршы», – дейді Мая.

веронская воспоминание

Желі оқырмандары тележүргізушіге әкесінің қайтыс болуына байланысты қайғыра отырып көңіл айтты.

Жіберіп алмаңыз:

Димаш Құдайберген Қытайда ауырып қалды

“Singer” жобасында алғашқы эфирден бері Димашпен бірге небәрі 2 әнші қалған (видео)

Жанар Айжанова алаяқ жарнамашыларды сотқа бермек

Димаш «Singer» байқауының сегізінші кезеңінде 5-орын алды

Талқылау