Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жанар Айжанова алаяқ жарнамашыларды сотқа бермек

Танымал тұлғалардың есімін пайдаланып, халықты алдап, өз ісін өрге дөңгелететіндер енді Жанар Айжановаға жетті. Олар теріні ағартып, жасартатын кремді әншінің атынан жарнамалап жүр. Ол аз десеңіз, базбіреулер Айжанованың атынан көлік ойнатып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz.

айжанова-030317

Айжанова оларды сотқа беретінін мәлімдеді. Әншінің заңға жүгінбеске амалы қалмаған. Өйткені арсыз жарнамашылар қанша ескерту естісе де, халықты алдауды доғарар емес.

“Қазіргі кезде мынадай өтірік жарнамалар көбейіп кетті. Көздің айналасына екі апта жақсаң, жап-жас болып кетесің, тағы сол сияқты… Және менің атымнан сұхбат беріп, білгендерін жасап жатыр. Мен бұл кремді жақпақ түгілі, қолыма ұстап та көрген емеспін. Бетімді бір адамдай күтетінім рас, жылда көктемде сүлік салам, қалаған ылғандандыратын ересек жасқа арналған кремдерімді жағамын. Ал мына көргенсіздер мені, тіпті, жалғызбасты әйел, көзінің асты қап-қара болып ісіп тұратын еді, мына кремді жаққасын екі аптада аппақ болды деп жазыпты. Таң атсын ісім сендермен болсын, ұятсыздар. Қыздар сенбеңдер де, алмаңдар да, құрып кетсін. Сотқа берем бұларды, әйтпесе қояр емес”, – дейді Жанар Айжанова.

айжанова-2-030317

Сондай-ақ, әнші өз атынан көлік ойнатып жатқан ұтыстарға алданып қалмауға шақырды.

Айжанова-1-030317

Жіберіп алмаңыз:

“Singer” жобасында алғашқы эфирден бері Димашпен бірге небәрі 2 әнші қалған (видео)

Димаш «Singer» байқауының сегізінші кезеңінде 5-орын алды

Қайрат Нұртас елбасының Заңдағы 26-бапқа қатысты ұсынысына пікір білдірді

Ерлан Орынбасаров әйелдердің ерлерге ұнамайтын қасиеттерін атады

Талқылау