Әкесі Димашты қытай қызына “үйлендіріп қойғандарды” жауапқа тартуды талап етті
Қанат Айтбаев ұлы Димаш Құдайберген туралы жалған ақпарат таратқан әлеуметтік желідегі парақшаны заң жүзінде жазалауды талап етті, деп жазады Stan.kz.
Facebook желісіндегі қалың көрермені бар атышулы топтардың бірі шындыққа жанаспайтын ақпарат таратқан. Автор Димаштың қытай қызына үйленетінін хабарлап, жерден жеті қоян тапқандай жар салған. Өз кезегінде оқырмандардың бір тобы мұның жалған екенін бірден түсінсе, екіншілері неше түрліні жазуда. Бұл жайт Димаштың әкесі Қанат Айтбаевтың шамына тисе керек-ті, ол саналы түрде жалған ақпарат таратқандарды қылмыстық кодекс бойынша жазалауды сұрады. "Қазақстан Республикасының Бас прокурорының назарына! Ақпарат құралдарын пайдалана отырып, мақсатты түрде жалған ақпарат таратып отырған төмендегі сайтты жəне əлеуметтік желідегі топты ҚР ҚК 274 статьясына сəйкес жауапқа тартуды сұраймын! "Жаға ұстатты" тобы, "Жұрт не демейді" тобы", - деп жазды Қанат Айтбаев желідегі парақшасында. Жіберіп алмаңыз: Серік Ибрагимов “фонограммамен айтады” деп сынағандарға жауап берді (видео)Қайрат Нұртастың ізімен: Ернар Айдар кішкентай фанатына костюмін сыйлады (видео)
Димаш тағы да әлемге танымал әншімен дуэт орындады (видео) Баян Мақсатқызы неліктен бетіне пластикалық ота жасата алмайтынын түсіндірдіТалқылау