Әкесі кішкентай балаларымен бірге көпқабатты үйдің терезесінен секіріп кетті
Ресейдің Саратов қаласында әкесі екі баласымен бірге көпқабатты үйдің терезесінен секіріп кетті.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ТАСС басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
«Қазіргі уақытта ер адам мен екі баланың биіктен құлап кеткені белгілі. Оқиға орнында біздің қызметкерлер жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - дейді әңгімелеуші.
Денсаулық сақтау министрлігіндегілердің мәліметінше, ер адам мен балалардың бірі оқиға орнында көз жұмған. Тағы бір бала ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілген.
Өңірдегі бала құқықтары жөніндегі уәкіл Татьяна Загороднаяның сөзінше, ер адам екі баланың да әкесі болып табылады.
«Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам – сол балалардың әкесі. Балалар – ұл мен қыз. Біреуі бір, екіншісі төрт жаста», - дейді Загородняя.
Ол оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын, жағдайды өз бақылауына алғанын айтты.
"Төрт жыл бұрын Қазақстан азаматтығын алған": Сарапшы Шарлапаевтың "Атамекен" кәсіпкерлер палатасына тағайындалуын сынға алды
Экономист мұны "бір баррикададан екіншісіне өту" деп бағалайды
Еңбек кітапшасын жоғалтып алған: Танымал продюсер зейнетке шыға алмай жүргенін айтып берді
Оның айтуынша, азаматтарды бір мекемеден екіншісіне жіберіп, дөрекі сөйлейтін жағдайлар жиі кездескен