Әнші Ақерке Бүркітбайдың сұлулығы Нью-Йорк назарына ілікті (фото)
«Асыл» тобының әншісі Ақерке Бүркітбайдың бірнеше суреті АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында жарық көретін xалықаралық “Billie Blunt Magazine” журналында жарияланбақ. Қазақ қызының сұлулығына қайран қалған американдықтар әншінің желідегі суреттерін көріп, ұсыныс жасаған, деп хабарлайды Stan.kz.
«Менің қуанышты жаңалығым бар. Бұл ұсыныстың маған түскеніне біраз болды. Алғашқыда сенбедім, қуандым. Барлық ақпаратты нақтылап алмағанша, сіздерге жариялай алмадым. Бұйыртса мені Нью Йорк қаласында жарық көретін “Billie Blunt Magazine” журналынан көре аласыздар. Инстаграм желісінде дайректке журналдың шеф-редакторы жазып ұсыныс жасады», – деп жазды Ақерке желідегі парақшасында.
Ақеркенің айтуынша, Нью-Йорктан арнайы xат жолданған. Қазіргі таңда журнал басшылығы мен Ақеркенің продюсері және фотограф Александр Палатовский арасында суреттерді журналға жариялау жөнінде келіссөздер жүргізілуде. Бұл жаңалықты естіп қуанған Ақерке ол үшін қанша ақша алатынын да сұрамапты. Журналда Ақерке Бүркітбайдың үш суреті жарияланбақ.
Жіберіп алмаңыз:
Қазақстанда алғаш рет мүмкіндігі шектеулі арулардың сұлулық байқауы өткізіледі
“Қарағанды аруы” Қытайда өтетін сұлулық байқауына қатысады (фото)
Қарағандылық ару Майамиде өтетін сұлулық байқауына қатысады (фото)
АҚШ-та сұлулық байқауы аруларының түрі бір-бірінен айнымайтын болып шықты (фото)