“Қарағанды аруы” Қытайда өтетін сұлулық байқауына қатысады (фото)
Қазақстандық ару Рената Нұрғазина қараша айында Қытайда өтетін халықаралық Miss World Peace сұлулық байқауына аттанады. «Қарағанды аруы-2015» және «Қазақстанның вице-аруы» атанған сұлу World Beauty Congress оргкомитеті кастингінен іріктелген қыздардың қатарынан табылды.

19 жастағы Ренатаның бойы 175 сантиметр, дене-бітімінің өлшемдері – 80-57-89. Ол Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, биология-география факультетінің білімгері, деп хабарлады Экспресс-К.
Ренатаның модельдің кәсіпте тәжірибесі жоқ. Көп оқығанды және классикалық музыка тыңдағанды ұнататын Рената «Интеллектуалды ару» атанған. Айта кетейік, «Қазақстан аруы» байқауы әділ-қазыларын Рената білімімен және тәрбиелілігімен баураған еді.









Жіберіп алмаңыз:
Қарағандылық ару Майамиде өтетін сұлулық байқауына қатысады (фото)
Хирург жігіт пен студент қыз сұлулық байқауында Қазақстанның намысын қорғайды
Бір-біренен айнымайтын анасы мен қызы сұлулық байқауында топ жарды (фото)
Сұлулық байқауы жеңімпаздарының сахна мен шынайы өмірдегі бейнелері (фото)
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма