Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір-біренен айнымайтын анасы мен қызы сұлулық байқауында топ жарды (фото)

Британдық Сара Луиз Притчард пен оның қызы Элла Рэйвенскрофт әлемдік сұлулық байқауларының бірінде жеңіске жетті.

mom-and-daughter-970-head

Фото: dailymail.co.uk

41-жастағы Сара мен оның 18 жасар қызы Элла биыл алғаш рет сұлулық байқауына қатысып, «Миссис Гэлэкси Ұлыбритания» және «Мисс жасөспірім Гэлэкси Англия» аталымдарын жеңіп алды. Енді олар 2017 жылы Орландода (АҚШ, Флорида штаты) өтетін Galaxy International байқауына қатыса алады. Онда әлемнің оннан аса сұлулары бақ сынасады.

Сара – сұлулық салонының иесі. Қазылар алқасын сұлулығымен тамсандырған ол байқаудың барлық кезеңдерінде алдыңғы қатардан көрінді.

mom-daughter-2

Одан бөлек, Сара байқауда жеңіске жеткен алғашқы плюс-сайз-модель атанды. Жеңімпаз оның бұл жеңісі томпақ пішінге ие қыз-келіншектерді жігерлендіреді деп үміттенеді.

«Күйеуім, екі ұлым және төрт қызым бар. Отбасымда салмақ тастау, диета ұстау және сырт келбетке аса мән беру туралы жиі әңгіме болатын. Сол кезде қыздарыма бұрыс үлгі көрсетіп жүрген мен шығармын деп ойладым. Себебі олар диета ұстамаса да сымбатты», – дейді Сара.

379F048B00000578-0-image-a-144_1472289594193

Алма да ағашынан алысқа түспейді дегендей, Элла да анасынан қалыспайды. Ол «Мисс жасөспірім Гэлэкси Англия» титулын жеңіп алды.

13912556_10157263879490282_2246244403803429254_n

JS98023768

Өткен жылы Элла Nemesis модельдік агенттігімен келесім-шартқа отырған болатын. Ол да анасы Сара сияқты АҚШ-та өткен сұлулық байқауына Ұлыбританиядан қатысқан арулардың қатарына енді.

379F049300000578-0-image-a-146_1472289611056

«Бұл бір айрықша нәрсе болмақ! Қатты қобалжып тұрмын», – деді Элла сезімімен бөлісіп.

JS98023749

Сара (оң жақтан екінші) басқа қатысушылармен бірге

Жіберіп алмаңыз:

Хирург жігіт пен студент қыз сұлулық байқауында Қазақстанның намысын қорғайды

Кариб теңізіндегі сұлулық байқауына қатысатын қазақстандық анықталды (фото)

АҚШ-та сұлулық байқауы аруларының түрі бір-бірінен айнымайтын болып шықты (фото)

Сұлулық байқауы жеңімпаздарының сахна мен шынайы өмірдегі бейнелері (фото)

Талқылау