"Әке болса, сендей-ақ болсын": Райм жұбайы Ерке Есмаханның бірінші некесінен туған баласына жазба арнады
Фото: Жеке парақшадан алынды
Танымал әнші Райм жұбайы Ерке Есмаханның бірінші некесінен туған ұлының туған күнінде жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесінің ұлы Мүслім 13 жасқа толған еді.
“Алғашқы мүшел жасың құтты, берекелі, ақыл толар, қуанышқа толы болсын, балам! Өміріңе дұрыс бастау болсын, біз әрдайым сенімен біргеміз, қолдаймыз, саған сенеміз!”, – деп жазды әнші.
Одан кейін Ерке Есмахан да тұңғыш баласының туған күніне құтты болсын айтты.
"Ал мен бүгін тудым. 13 жыл бұрын дәл осы баланы тудым. Ішімдегі әлі шықпады. Жаным, балам. Туған күнің құтты болсын. Ақылды, денің сау, иманды бол. Біз сені жақсы көреміз. Папаң екеуміздің үмітімізді ақта",– деп жазды Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында.
-
"Ақшам жоқ деген – өтірік": Ерке Есмахан сыйлық бермейтін еркектерге қатысты ойын айтты
-
"Ағашын түбімен жұлып әкелмеді": Ерке Есмахан күйеуінің ғашықтар күніне берген сыйлығын көрсетті
Желі қолданушылары әнші Раймның мейірімді, ақылды жігіт екенін жарыса жазып жатыр.
“Әке болса сендей-ақ болсын!”, “Еркенің екінші некесінен бағы ашылып, бақытты болсын”, “Әкеңнің үмітін ақта”, “Алла маңдайымызға Раймдай жігітті жазсын”, “Еркектің бәрі сіздей мейірімді, жүрегі кең болса бұл өмірде жетім балалар болмас еді. Әйелдер өз орнын біліп, бақытты өмір сүрер еді. Алла сізге разы болсын! Ал Мүслімге бақытты балалық шақ, жарқын болашақ тілеймін!”, – деп жазды көпшілік.
Еске салайық, Ерке Есмахан күйеуінің ұлдарына алып берген су жаңа пәтерін көрсеткен еді.

"Дәрігерлер ішіңдегі балаңды алдыр деді": Астаналық азамат екі бүйрегі де істен шыққан әйелінің еміне көмек сұрайды
