Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақботаны сүйемін: Жұрттың сынынан шаршаған Айдарқұлов бар шындықты жайып салды

БАҚ өкілдерін көрсе, бой тасалап қашатын Дәурен Айдарқұлов тілшілердің құрығына түсті. Осы уақытқа дейін журналистермен жүздесуді қаламайтын актер, бұл жолы өміріндегі соңғы жаңалықтарымен бөлісіп, Ақботамен арадағы қарым-қатынасы жайлы да ашық айтты.

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Жо-жоқ, бұл махаббат хикаясының соңы емес! Керісінше Дәурен мен Ақбота арасындағы сезім оты қайта лаулай түскендей. Өйткені, Айдарқұлов өзіне жиі жолданатын, әрі жалықтырған сауалдың нақты жауабын беруге бекініпті.

“Мені шаршатқан сұрақ… Ақботаны сүйесіз бе, сүймейсіз бе? Жауабын айтайын ба сіздерге?! Әрине, сүйемін!” – деп мәлімдеді Дәурен.

Иә, Сейітмағамбетті сүйеді! Бірақ, дүйім жұртқа жария қылғысы келмейді.  Сұхбаттан бас тартып, журналистерді көрсе ат-тонын ала қашатыны сондықтан екен…

“Мен тек қана жеке сұрақтардан ғана қашамын. Өйткені, менің ойымша ол жеке сұрақтар, жеке сұрақтар! Бүкіл Қазақстанға не үшін жариялаймын?” – дейді Айдарқұлов.

Онда шығармашылыққа қарай ауыссақ! Дәл қазір Дәурен клиптің түсірілімінде жүр! Жас әншінің жаңа видеосында, атышулы актерға қандай рөл бұйырды дерсіз..?

“Бұл клипте мен өз-өзімді ойнаймын. Яғни, Дәурен Айдарқұловты. Сценарий бойынша мені клипке түсуге шақырған болатын. Бірақ, мен өмірдегідей кешігіп қаламын”, – дейді Дәурен.

Дәурен бұл бейнебаянда соққыға жығылып, тіпті мұрынын да сындырады. Ал, клиптегі кейіпкер, өмірдегі Айдарқұловтың жанына қаншалықты жақын?!

“Ондай енді студенттік кезде, мектеп кезінде болатын. Қазір енді, ондай жағдайлар кездеспейді. Кездеспей-ақ та қойсын”, – дейді Айдарқұлов.

Дәурен Айдарқұлов бой көрсететін бұл бейнебаян, бір айдың көлемінде қалың көпшілікпен қауышатын болады!

Жіберіп алмаңыз:

Баян Мақсатқызы Арман мен Ашаның тойында ұятқа қалды (фото)

Әлішер Кәрімов “пиар үшін қалыңдығын көрсетті” деп сынағандарға жауап берді

Жазира Байырбекованың болашақ келіні әншіден өзін ұзатып беруін сұраған

Еліміздегі ең сұлу актриса не себепті киноны тастап кеткенін түсіндірді

Талқылау