Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақбота Сейтмағамбет: Көңіл құрғыр бәрін қалап тұрады

Ақбота Сейтмағамбет әсерлі жазба қалдырды. Өнер иесі өмір мен қарапайымдылық туралы толғанды. Адамның бәрі тең, бәрінің баратын жері бір деп астамшылық жасағандарға ескерту айтты. 

Ақбота соңғы күндері желіде белсенді. Көңіл күйіне байланысты түрлі жазба жариялайды. Бұл жолы әнші тәкаппарлық туралы сөз етті.

"Сіз білесіз бе?! Адам арманы орындалған сайын асқақтай береді. Көңіл құрғыр бәрін қалап тұрады. Ең кішкентайы – тәкаппарлыққа бас ұру. Ең үлкені – Жаратқанды ұмыту. Осы әдеттен арылу үшін Алла тағаланы еске алып отыру қажет. Ескі күннің естелігін, еске алып отыру шарт. Әйтпесе, өзіңе білінбегенмен, өзгеге асқақтағаның айдай көрініп тұрады. Қарапайым болайықшы барынша. Сіз де, біз де қарапайым пендеміз. Барар жеріміз бір. Кейде көп нәрсені армандап қойсам, барыма шүкір деймін. Үлкен нәрсені армандауда кішкентай дүниеге қол жеткізгенімді аңғармай да қаламын. Қысқасы, өмірге өкпем жоқ", – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары оның сөзін қостап, өз пікірін жазып жатыр.

“Әдемі сурет, орынды пікір”, “Аллах разы болсын, иманыңыз мықты болсын!”, “Әлемде қаншама бай адамдар бар . Біз олардың жанында құмырсқа секілдіміз. Сол себепті арманаудан қорқудың қажеті жоқ! Адамдар айтса айта берсін. Біреу бірдеңе депті деп арманаудан бас тартуға болмайды”, “Тірі тұрғанда армандарымызға жетейік”, “Бәріміз пендеміз, бәріміз де бірдей дәрежедеміз”, –деп жазды олар. 


Талқылау