AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақбота Сейтмағамбет: Қайдағы бір ақымақтарға өзін сеніп тапсырамын деп жерге тапталып жатқан қыздар қаншама

Ақбота Сейтмағамбет жас қыздарға кеңесін айтты. Әнші қыз баланың қай жаста болсын, өзін бағалайтын азаматпен бас қосуы маңызды деп санайды. Ал ерте не кеш тұрмыс құруы маңызды емес. Себебі, бақыттың ерте-кеші жоқ.

"Тұрмысқа ерте шықсаң да, кеш шықсаң да, бұл жерде бір ғана нәрсе маңызды – кімге тұрмысқа шыққаның. Адам сияқты өз сөзі мен ісіне жауап бере алатын нағыз ерге жолықсаң, ерте орныңды тапқаныңа қуанасың. Онымен бірге өмірдің бар кереметін көресің. Себебі, ол сені бақытты қылу үшін бар ғажабын үйіп-төгеді. Қысқасы, адал жүрегінен бастап, іс-әрекетіне дейін отбасы үшін тырысып жатқанын көрсете алады. Ондай адамды кешігіп тапсаң да, үлкен қуаныш. Себебі, сабырмен күткенің үшін, адаспай тапқаның үшін тағдырыңа риза боласың”, – дейді Сейтмағамбет. 

Ал қыз баласының теңін таппай, ақымақ азаматтарға алданып қалуы үлкен қасірет. Әнші жас қыздарға ақ тілегін айтты. Арқасүйер азаматын адаспай таңдауға кеңес берді 

“Ал керісінше жағдайда, тым қиын-ақ! Махаббатқа сенемін деп қайдағы бір ақымақтарға өзін сеніп тапсырамын деп, тамырына ерте балта шабылып, енді құлпырар шағында жерге тапталып жатқан қыздар қаншама? Қанша жасыңда шықсаң да серті бекем, қалқан болатын азамат жолықсын деп тілеймін", – деп жазды. 

Көпшілік алғысын айтып, әншінің өзіне де жақсы тілегін жаудырды. Көпшілігі жеке өміріне қатысты қызығушылық танытты. 

“Сізге де жақсы азамат жолықсын”, “Енді тұрмыс құруға асықпаңыз, адамды әбден танып алу керек”, “Жастар сезімге ерік береді, солай адасады”, “Қазіргі қыздар да ақымақ”, “Жігіттер майдаланып кеткен”, “Жақсы қызға жақсы жігіт жолығады, жігіттер де жақсы қызды біледі”, “Әркім маңдайына жазғанын көрер”, “Мойымаңыз, жігіттерден көңіліңіз қалғанға ұқсайды”, – деп жазды олар. 


Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр