Ақбота Сейтмағамбет: Адамның сыртқы келбетін емес, адамдығын бағалайықшы
Танымал әзілкешпен отбасын құрып, ана атанған Ақбота Сейтмағамбет соңғы кездері философиялық ойларымен бөлісіп жүр. Бұған дейін ел сынына ұшыраған жас өнер иесі енді желідегі оқырмандарына ішкі ойын ақтарып, олармен “тілдесетін” болған, деп жазады Stan.kz.
Бір қызығы, “Гламур для дур” фильмінде орысша акцентпен сөйлеп, елді күлдірген Ақбота қазіргі уақытта ресми тілдің насихаттаушысына айналған. Мұны, тіпті, Ақботамен жақын араласатын өнердегі достары да байқапты.
Кезекті жазбасын КешYou-дің экс-сылқымы адамды сыртқы келбетіне қарап бағалайтындарға арнады. Ол желідегі оқырмандарын адамның түрін емес, адами қасиеттеріне қарап бағалауға шақырды.
“Қызық, неліктен жұрт адамның сырт келбетіне баса мән береді? Шындығында өздеріңіз де саралап көріңіздерші, бояусыз жүрсең: «Фуу, ұсқынсыз, әдемі емес. Ел алдында жүрген адам емес пе, қалай бұлай жүре береді?» – деген сияқты пікірлерді естисің. Боянып алсаң: «Сұмдық, бес тонна бояу», «Мейк-апсыз түрі қорқынышты шығар», деген сынды ашу мен ызаға толы пікірлерді күте бер.
Егер сен әдемі әрі жинақы адам болсаң жұрттың бәрі сенің жаныңда жүреді, ал егер табиғатыңнан сұлу болмасаң, сені елден аластату қажет.
Адамның сыртқы келбетіне қатысты біржақты пікірде болғанымыз өкінішті. Міне біздің шындық! Біздікілер жаныңнан көзқарасымен бағаламай, «пікірін» білдірмей және кемшіліктеріңді атамай өте алмайды. Мүмкін адамның адамдығын бағалаймыз?! Қолдарыңыздан келе ме?” – деп жазды Ақбота Instagram парақшасында.
Өз кезегінде желідегілер Ақботаның табиғи сұлу екенін айтып, ашулы жандардың сөзіне құлақ аспауға кеңес беріп жатыр.
Жіберіп алмаңыз:
“Игра престолов” фильмінің саундтрегін қобызбен орындаған қыз елді тәнті етті (видео)
Ерке Есмахан: Қайда барсам да, іштей болашақ жарымды іздеп жүретінім шындық
Дана Нұржігіт алғаш рет бірінші күйеуімен не себепті ажырасқанын айтып берді