Ақбота Сейітмағамбет пен Дәурен Айдарқұлов қайта қосылған ба
Бұларға айтар сөз қалмады! Жүз қосылып, жүз айырылысты, жеке өмірлерін пиарға айналдырды! – Ақбота Сейітмағамбет пен Дәурен Айдарқұловты бірге көрген жұрт атышулы жұпты сынай жөнелді, деп жазады Stan.kz.
Дәурен мен Ақботаның хикаясы “Гламур для дур” фильмінен басталған. Түсірілім кезінде бір-біріне ғашық болып қалған өнер иелері көп ұзамай көңіл жарастырды. Артынша балалы болды. “Мұсылманша некемізді қидық” деген олар үлкен тойға жетпестен айырылысып тынды. Бұдан кейін Ақбота “бір жасаған қатемді екінші қайталамаймын” деген болатын.
Алайда күні кеше Сейітмағамбет бұрынғы жары Айдарқұловпен бірге отбасылық байқау ұйымдастырып жатқанын хабарлады. Жас әншінің әрекетін көпшілік түсіне алмады. Олар “қатесінен сабақ алмапты”, “халықты ақымақ қылып бітті” деп сынға алса, екіншілері Дәурен мен Ақбота тек бизнес үшін осындай қадамға барып отыр деп болжады.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Талқылау

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”