Ақбота-Нұр: Балаларым кішкентай кезде тұрмысқа шығам
Әнші Ақбота бұрынғы жолдасы Дәурен Айдарқұловқа бақыт тіледі. Өзінің алдағы уақытта сүйіктісін жолықтыратынына сенімді. Ол балаларына жақсы әке болатын, өзіне қамқор болатын азамат жолыққанан қалайды.
Бұл туралы әнші Жанар Айжановамен "Тәтті шай" бағдарламасында айтты.
Бастапқыда жұлдызды жұп ажырасуға қатысты ешқандай пікір бермейтінін айтқан болатын. Бұл жолы Ақбота Сейтмағамбет ашық сұхбат берді. Айдарқұловтың тәтті сөздеріне алданып қалдым, жас болдым деп ақталды. Өз қателігін жас қыздар қайталамаса екен деген ниетте.
"Қазір мені табалап, өзінен көрсін деп жатқан жұрт көп. Мен Дәуренмен танысқанда 18 жаста едім. Жас болдым. Дәуреннің тәтті сөздеріне алданып қалдым. Енді жас қыздар қателігімді қайталамаса екен деймін. Менің ақылдасатын, кеңес беретін анам болған жоқ. Мүмкін ата-анам тірілі болғанда отбасылы азаматпен бас қоспас едім. Анамның айтқанын тыңдар едім", - деді Ақбота.
- "Далаға 5 минут шықсаң да қызғанатын": Ақбота Сейтмағамбет не себепті ажырасқанын ашық айтты
- Ақбота Сейтмағамбет: Дәуреннің менің көзіме шөп салғанын да кешірер едім
- Ақбота Сейтмағамбет: Дәуреннің бірінші әйелінің үйіне бардым, бірақ ол балағаттап қуып шықты
Әнші ажырасудың толық мән-жайын баяндамаса да, негізгі себептерін айтты. Жолдасының орынсыз қызғанышын жеткізді. Бастапқыда Дәуренге тоқал болуға дайын болған әнші қазір қайта қосылуға ниеті жоқ. Бұл түбегейлі қабылданған шешім дейді өзі.
"Алдағы уақытта мүмкін 1-2 жылда сүйіктімді кездестіріп, бақытты боламын деп ойлаймын. Бастысы мен мұндай қиындыққа сынып кетпеймін. Менің де мінезім бар. Мен 24 сағат жұмыс істеймін. Мен біреудің сөзіне, мазағына сынып қалмаймын. Егер осал болам, әнші болмас едім. Актриса болмас едім. Дәурен кіммен болса да бақыт тілеймін. Бастысы балаларының әкесі екенін ұмытпаса болды. Балаларына қарайласады деп ойлаймын", - деді әнші.
Дәурен Айдарқұлов екінші жары Ақботамен ажырасқанын айтқан еді. Екеуінің екі жаққа кетуіне Ақботаны кінәлап, жаман істер істеді деп жауап берді.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
