Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақбота Керімбекова отбасын тастап кеткен әкесін кешіріп, тойына шақырған

Ақбота Керімбекова бала күнінде тастап кеткен әкесін кешіріп, өзінің тойына шақырғанын айтты. Десе де, әкесінің тойға келген-келмегені белгісіз.

21436142_115273445818116_1521573004482445312_n

Сурет: Ақбота Керімбекованың жеке парақшасынан

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды, – деп хабарлайды Stan.kz.

Шынын айтамын деп сырын айтып қойған Ақбота Керімбекова да ұзақ жылдар бойы әкесіне ренжіп келгенін де жасырмады. Алайда ата-анамның бірін бөліп тойға шақырмай қалуыма еш хақым жоқ дейді ол.

“Қазақта әке-шешең жынды болса да, байлап бақ” деген әдемі сөз бар. Сол себепті, мен әке-шешеме ризамын. Екеуіне де ренішім жоқ. Олардың өздерінің өмірі болды. Өтті, кетті дегендей. Араларына барып қазбалап, әкемдікі дұрыс, шешемдікі дұрыс деп айтуым орынсыз. Жастау, бала кезімде ренішім болды. Ол басқа отбасына кетіп қалған еді. Дәл қазір менде ондай өкпе-реніш жоқ. Өмір сүре келе барлығын түсінесің. Кейде дұрыс нәрсең бұрыс, бұрыс нәрсең дұрыс болып шығып жатады. Сол себепті, адам барлық жағынан дайын болуы керек. Әкеммен әлі күнге дейін араласамын. Ол кісінің аман-есен, күліп-ойнап жүргенін тілеймін”, – дейді ол.


Жіберіп алмаңыз:

Асхат Садырбай: Мен туралы өсек жазып нанын тапқандар бақытты болсын

Баян Мақсатқызы күйеуінің өзін не істеуге мәжбүрлейтінін айтты

Баян Мақсатқызы 3 айда қанша кітап сатып үлгергенін айтты

Сәкен Майғазиев тұңғышына келін іздеп жүр

Талқылау